Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жібек жолы саябағында «Жазғы әуен – жүрек үні» атты концерттік бағдарлама мен қатар, «Жазғы демалыс – спортпен!» ұранымен ашық алаң ойындары өтті.
Жаз мезгілінде дәстүрлі түрде өтетін бұл спорттық шара – қала тұрғындары мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ашық аспан астында өтетін бұл ойындар әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері қала секторларына бөлінген ашық алаңдарда өткізіледі. Жарыс бағдарламасына асық ату, ләңгі тебу, сүрмерген, секіргішпен секіру, белтемірге тартылу, футбол, стритбол сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлері енген.
7–16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер арасында өтетін бұл жарыстар тек дене шынықтырумен шектелмей, достық байланыстарды нығайту мен әділ бәсекеге де жол ашады. Шеберлік танытып, жеңіске жеткен қатысушылар диплом және медальмен марапатталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1044244?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау