Балалардың терезеден құлауын болдырмауға бағытталған рейдтік іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау деректері тіркеледі. Мәселен, 2025 жыл басынан Атырау облысында 6 бала терезеден құлап кеткен (қала – 5, Жылыой ауданы – 1).

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Атырау облысы ТЖД құтқарушылары тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында олар ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратады. Кейбір отбасыларға терезеге арналған қауіпсіздік бекіткіштері де тегін орнатылуда.

Мақсат — балалардың өмірін сақтау.

 

Құрметті ата-ана!

  • Бөлмеде баланы қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торына сенбеңіз — ол баланың салмағын көтере алмайды;
  • Терезе маңына орындық, үстел сияқты жиһаз қоймаңыз;
  • Терезеге арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыз;
  • Балаға терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз.

 

Егер төтенше жағдай орын алса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1044224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version