Жұмысшы мамандықтарының жылы бізге жаңа таланттарды танытып келеді. Солардың бірі – Андрей Махорин. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер басқармасында электргазбен дәнекерлеуші болып 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол бірнеше мәрте «Өз мамандығының үздігі» халықаралық байқауларының жүлдегері атанған.
Андрей өз ісіне шабытпен әрі шығармашылықпен қарайды. Бос уақытында ол металдан көркем композициялар жасайды. Оның жұмыстары Сингапур мен Грециядағы халықаралық көрмелерде табысты көрсетіліп, сарапшылардың жоғары бағасына ие болған.
«Менің хоббиім – металдан көркем композициялар жасап, оларды халықаралық алаңдарда таныстыру. Бұл шығармашылық әлеуетімді ашуға және өз мамандығыма жаңаша қарауға мүмкіндік береді», – дейді Андрей.
Оның пікірінше, дәнекерлеуші тек кәсіби шебер ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлай алатын адам болуы тиіс. Өз ісіне зор жауапкершілікпен және мақтанышпен қарайтын Андрей дәнекерлеуші мамандығы әлі ұзақ жылдар бойы сұранысқа ие боларына сенімді. Осындай адамдар – қоғамның басты құндылығы мен тірегі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1044322?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау