Кадрлық тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Көкшеев Сәкен Сағызбайұлы тағайындалды.

Сәкен Сағызбайұлы 1986 жылғы 4 мамырда Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Бейнеу селосы әкімінің аппаратында бастаған. Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда:

  • 2009–2010 жылдары – Бейнеу селосы әкімінің аппаратында инспектор;
  • 2010–2012 жылдары – Бас маман;
  • 2012–2013 жылдары – Әлеуметтік жұмыстары бөлімінің басшысы;
  • 2013–2014 жылдары – Коммуналдық және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы.
  • 2015-2016 жылдары теміржол саласында Бейнеу – Тассай жаңа темір жолы мекемесінде 1 категориялы инженер, Құрсай монтерлік пунктінде Электромеханик, Тұрыш қосалқы станциясында аға электромеханик қызметтерін атқарған.
  • 2016 жылы – Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде инспектор;
  • 2016–2017 жылдары – Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
  • 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін – Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1044707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version