КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтің төрағалығымен 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша жауапты мекемелердің қатысуымен жиын өтті.
Аудан аумағында орталықтандырылған жылу жүйесі болмауына байланысты жылыту жеке қазандықтар, пештер және дербес жылу құрылғылары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай, әлеуметтік нысандардың жылыту құрылғылары тексеріліп, тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына баса назар аударылуда.
Келес ауданында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биылғы маусымда жалпы 26 479 тонна қатты отын қажет. Оның 6014 тоннасы бюджеттік мекемелерге, 14 986 тоннасы тұрғындарға, ал 5479 тоннасы жылыжайларға бағытталады. Бұған қоса, 150 тонна сұйық отын қажет етілуде.
Білім беру саласы үшін 5500 тонна көмір мен 120 тонна дизель отыны жоспарланған. Қазіргі таңда көмірдің 30 пайызы, яғни 1650 тоннасы жеткізілді. Денсаулық сақтау мекемелеріне 440 тонна көмір қажет, оны тасымалдау жұмыстары басталып кеткен. Мәдениет нысандарына қажетті 58 тонна көмір толығымен жеткізілді, ал 30 тонна сұйық отынға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Сонымен қатар, спорт мекемелеріне қажетті 16 тонна көмір де толық көлемде тасымалданған.
Аудан бойынша 3193 тұрғын үй қатты отынмен жылытылатындықтан, оларға 14 986 тонна көмір қажет. Осыған байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Айта кетейік, көмір Сарыағаш ауданындағы теміржол тұйықтарынан – «Hermes» ЖК, «Азамат Мұнай» және «Санас» ЖШС арқылы тасымалдануда. Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, дайындық жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуы міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044710?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version