КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚТЫ БІРЛЕСІП ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Ауданға қарасты ауылдық округтерден қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылған 200-ден астам азамат аудан орталығы – Абай ауылында бас қосып, бірлесе тазалық жұмыстарына атсалысуда.
Аудан әкімінің аппараты тарапынан Абай ауылының ішкі көшелері бірнеше секторларға бөлініп, әр секторға ауылдық округтерден келген азаматтар бекітілді. Қазіргі таңда олар көше бойын, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, бей-берекет өскен ағаш-бұталарды кесу жұмыстарын жүргізуде. Жиналған қалдықтар арнайы техника көмегімен белгіленген орындарға шығарылуда.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жауапты коммуналдық мекемелер абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қатар атқаруда. Бұл бағытта жасалған іс-шаралар елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version