Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласын дамытуға, елдің көлік қатынасы инфрақұрылымын қалыптастыру мен жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін «ОблШығысЖол» ЖШС директоры Жанболат Қазановты «Барыс» II дәрежелі орденімен марапаттады.
Жанболат Қазановтың басшылығымен жүзеге асқан ең ірі жобалардың бірі – еліміздегі ең ұзын көпірдің Бухтарма су қоймасы арқылы салынуы болды.
«Мемлекет басшысының қолынан осындай мәртебелі марапат алу мен үшін үлкен қуаныш. Бұл – бүкіл ұжымымыздың еңбегіне берілген жоғары баға, сонымен қатар еліміздің тұрғындары алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасымен компания Катонқарағай және Зайсан аудандарында екі стратегиялық нысан – әуежайлардың құрылысын жүргізіп жатыр», – деді Жанболат Қазанов.
Компания салып жатқан жаңа нысандар өңірдегі туризмді, логистиканы және экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1044703?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау