Қонаев қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқау өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📍Қонаев қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқау өтті.

🖋 Байқауға облыстың аудан-қалаларынан 16 үміткер қатысып, олардың 14-і жүлделі орындарға ие болды.

🏆 Бас жүлдені облыстық «Алатау арайы» газетінің тілшісі Құралбек Сәбитов жеңіп алып, басқарманың арнайы дипломымен марапатталды.

🎙 Ал «Үздік теле-радио жобасы» номинациясы бойынша облыстық «Жетісу» телеарнасының продюсері Гүлжан Қызайбай жеңімпаз атанды.

🎉 Қалған қатысушылар да назардан тыс қалмай, басқарманың дипломдары мен қаржылай сыйақыларын иеленді.

🔸 Бұл байқау – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің тіл жанашыры ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til/press/news/details/1044175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version