Бүгін Сабынды ауылында “Қызмет алушы күні” өтті.
Іс-шара барысында азаматтарға бірқатар сала мамандары қоғамдық қабылдау өткізіп, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, қабылдау жүргізгендер:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі;
Білім бөлімі;
Аудандық аурухана өкілдері;
Ветеринариялық инспекция мамандары.
Тұрғындар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел әрі сапалы шешуге ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Қызмет алушы күні” алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1044000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау