Түпқараған ауданында демалыс орны ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған ауданында демалыс орны ашылды

Түпқараған ауданына қарасты Қызылөзен ауылында туризмді дамытуға бағытталған жаңа глэмпинг демалыс орны ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрылыс жұмыстары алты ай ішінде аяқталып, қазіргі таңда 4 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Жобаны жүзеге асырған «Хазірет» қоғамдық қоры. Жетекшісі Күрең Медеуова. Глэмпинг нысаны — Каспий теңізі жағалауындағы экотуризмді дамытуға бағытталған маңызды қадам. Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, ауданның құрметті азаматтары, қоғам белсенділері, «NCOC» компаниясының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында лента қиылып, шашу шашылды. – Жаңа нысан – Қызылөзен ауылының туризм картасындағы жарқын нүктесіне айналарына сенім мол, дейді тұрғындар. Айта кетейік, демалыс орны «NCOC» компаниясының демеушілік және қайырымдылық жобалары аясында пайдалануға берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1044301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version