ERG құрамына енетін «Қазхром» компаниясының Ақсу ферроқорытпа зауытында №42 пешке арналған жаңа газтазарту жүйесі пайдалануға берілді. Бұл жүйе өндіріс кезінде пайда болатын шаңның 99,5%-ын ұстап, қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың көлемін едәуір азайтады. Соның нәтижесінде өңірдің ауасы тазара түседі.
Жобаның құрылысына 7 миллиард теңге инвестиция салынды. Жабдықтар Германия мен Чехия елдерінің жетекші өндірушілерінен – Siemens пен ZVVZ компанияларынан алынған. Жүйеде 4 мыңнан астам арнайы сүзгі бар және ол сағатына 950 мың текше метр ауаны тазарта алады. Жылына шамамен 16 мың тонна шаң қоршаған ортаға таралмай, ұсталып қалады.
Жобаның бас инженері Александр Сидлецкийдің айтуынша, №42 пеште алғаш рет чехиялық мамандар зауыттың нақты жағдайына бейімдеп жасаған жаңа механикалық шаң тазарту жүйесі қолданылған. Бұл жүйе ұсақ шаң бөлшектерін тиімді сүзуге және өндіріс процесіндегі кез келген өзгеріске жылдам бейімделуге мүмкіндік береді.
Бүгінде зауытта 11 газтазарту қондырғысы жаңартылды. Бұған дейін бірінші балқыту цехында жұмыстар аяқталса, қазір төртінші цехтағы жаңғырту аяқталуға жақын.
– Біз бәріміз таза әрі қауіпсіз ортада өмір сүргіміз келеді. Сондықтан ERG-дің экологиялық бастамаларын жүзеге асырып, зиянды шығарындыларды азайту үшін озық технологияларға инвестиция салып келеміз, – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Макашев. – Біз тек экологиялық талаптарды орындап қана қоймай, әлемдік деңгейдегі үздік тәжірибелерді енгізе отырып, табиғатты қорғауды негізгі мақсаттардың біріне айналдырып отырмыз.
Қосымша ақпарат:
«Қазхром «ТҰК» АҚ, Ақтөбе қ., Корпоративтік коммуникациялар қызметі
т. +7 701 566 13 60
Ирина Сычина
«Қазхром» ТҰК» АҚ жайында
Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша әлемдегі озық компаниялардың үздігі. Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту, жоғарғы қосымша құнымен өнім шығаратын металлургиялық өндірістен тұратын тау-кен-металлургиялық кластерінің толық циклы болып табылады. Компания жылына 6 млн. тонна хром кенін және 1,8 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдарды біріктіреді: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).
2025 жылы «Қазхром» ТҰК» АҚ 30 жылдығын атап өтеді
EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіріп, өңдейтін, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Топ Азия, Еуропа, Африка мен Америкада бизнес жүргізіп, өз өнімдерін әлемнің 40-тан астам еліне жеткізеді. Бүгінде 67 мың адам еңбек етіп жүрген ERG кәсіпорындары – өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ERG-дің негізгі акционері (40%) Қазақстан Республикасының Үкіметі. ERG-дің бас кеңсесі Люксембургте.
ERG – феррохром мен кобальт өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Әлемдік нарыққа ірі мыс жеткізуші. Еуразия кеңістігіндегі ірі темір кені мен алюминий өнімдерін жеткізуші. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында.
Еуразиялық Топтың қуатты кәсіпорындары: «Қазхром ТҰК», «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service Қазақстанда орналасқан. ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы.
Африкада ERG мыс пен кобальт кендерін, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Конго Демократиялық Республикасындағы Frontier кәсіпорны – ERG-дің мыс өндіруші басты зауыты. Ал осы өңірінде басқа компаниялардан ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған мыс және кобальт қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Metalkol кәсіпорны – әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілердің бірі және ірі мыс өндіруші саналады. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдер тізбегін Sabot атты арнайы көлік компаниясының көмегімен басқарады.
ERG Бразилияда Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру, Porto Sul теңіз порты мен FIOL құрлық аралық темір жолын біріктіретін кешенді BAMIN жобасын дамытып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1044776?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау