Аудан әкімі аудан прокуроры Д. Асқармен бірге жұмыс сапары аясында Ақадыр ауылындағы су құбыры мен су тарту желілерінің құрылысының барысымен танысты.
Жобаның мердігері – «ConsultInvestStroy» ЖШС. Жалпы құны 711,5 млн. теңгені құрайды. Сапар барысында жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуы мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Еңбекбірлік ауылына барып, бақылау-биологиялық модульдік станция қажеттілігі үшін жүргізіліп жатқан ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының барысымен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1044769?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау