“ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚТАШЫ” ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
“Цифрлы Қазақстанның” игіліктері бүгін агросалада да байқалуда.
Қазіргі таңда қырдың басында тұратын малшылар үшін күн энергиясынан электр жарығын өндіру, жылқы үйірлерінің бағытын GPS-трекерлер арқылы анықтау, малды дронмен қайыру – күнделікті тірлікке айналған.
Цифрлық дамудың шаруаларға тигізген тағы бір шарапаты – электронды бақташылар.
Электронды бақташы — мал шаруашылығында қолданылатын ақылды технологиялардың бірі, оның негізгі мақсаты — малды бақылау, қадағалау және тиімді басқару.
Осы секілді жайылымдар мен егіндіктерді мал аяғынан қорғау үшін де бұл әдіс қолайлы.
Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Гүлжанат Хангужинаның айтуынша, 2024 жылы Шолақаңқаты ауылдық округіндегі “Нұрдәулет” шаруа қожалығы егісі мен жайылымын бойлай электронды желі тартса, биыл Сырым ауданы бойынша 4 шаруашылық иелігіндегі жерді “электронды бақташының” қадағалауына тапсырған. Атап айтсақ, Алғабас ауылдық округіндегі “Миллат”, Шолақаңқаты ауылдық округіндегі “Жайлау”, Талдыбұлақ ауылдық округінен “Атансай” және Жымпиты ауылдық округіндегі “Сұңқар” шаруашылығы жерді қору қызметтерін цифрландырыпты.
– “Электронды бақташы” қызметін қолданушы қожалықтарға үкімет 25% субсидия қарастырылған. – дейді Гүлжанат ханым.
Құрылғының бағасы туралы білгісі келетіндер бар. Мамандар 20 шақырым аумақты 8 млн теңгеге қоршауға болады дейді.
Ауданда құрылғыны орнатып, субсидияға құжат дайындап жатқан шаруашылықтар бар.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1044796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version