МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 2 тамыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында кең ауқымды сенбілік өтті.
Табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыруды көздеген шараға 3200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді еріктілер болды.
Сенбілік жұмыстарына жалпы саны 18 дана арнайы техника (жүк көліктері, тиегіштер және басқа да коммуналдық техника) тартылды. Нәтижесінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында орналасқан 67,8 шақырым аумақ жабай шөптерден арылып, тұрмыстық қалдықтар мен өзге де қоқыстардан тазартылды. Шара барысында 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, аудан аумағында орналасқан қоқыс полигонына шығарылды.
Іс-шара барысында экологиялық тазалықпен қатар көгалдандыру шараларына да ерекше көңіл бөлінді. Аудан аумағындағы жасыл желектер мен отырғызылған ағаш көшеттеріне су құю, түптеу, санитарлық күтім көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, жергілікті табиғатты қорғау жұмыстары жанданды.
Шараның басты мақсаты — ел тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің көркеюіне тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Аталған сенбілік тұрғындар арасында үлкен қолдауға ие болып, ауданның тазалығы мен көріктенуіне елеулі үлес қосты. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1044793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version