Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесуі жоспарланған.
Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан кеме көлігі арқылы транзиттік тасымалды қалпына келтіру немесе ашу мәселесін талқылау көзделген. Бұл жоба Ертіс өзені арқылы транзиттік тауарларды Шығыс Қазақстан өңірінен Абай және Павлодар облыстарынан РФ-ның Омбы облысына дейін және Ресейдің басқа аймақтары арқылы – Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығуға мүмкіндік береді.
ШҚО делегация сапарының тағы бір маңызды мақсаты – Ресейден елдің шығысына инвесторлар тарту.
«Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласында да ынтымақтастық орнатуға мүмкіндіктер мол. Сондықтан барлық инвесторларды «Altay Invest-2025» халықаралық инвестфорумында көруге қуаныштымыз», – деп атап өтті Н.Сақтағанов.
Сонымен қатар, облыстық делегациясының Омбы қаласының 309 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысуы жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1044766?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау