AI Sana: Абай облысында бизнесті дамытуға арналған жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

AI Sana: Абай облысында бизнесті дамытуға арналған жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Әлихан Бөкейхан университетінде өңірлік кәсіпкерлерге арналған жасанды интеллект жобаларының семинар таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында ұлттық AI-Sana жобасы аясында әзірленген жасанды интеллект агенттері таныстырылды.

Жоба шеңберінде университет жанындағы Abai IT-Valley технокластері әзірлеген бұл шешімдер қазіргі таңда білім беру, бизнес, HR және автоматтандыру салаларындағы қолданбалы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыруда сенімді құрал бола алатыны нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

Таныстырылым барысында Abai IT-Valley резиденттері кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінің құнды пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Шара барысындағы қызу пікірталас ұсынылған шешімдерге деген жоғары қызығушылық пен оларды кең көлемде қолдануға болатын әлеуетті тағы бір растап берді.

Айта кетейік, «AI-Sana» бағдарламасының мақсаты – ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, энергетика және басқа да салалар бойынша бейінді мамандықтарда білім алатын студенттерге жасанды интеллект және AI-кәсіпкерлік саласындағы қосымша құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беру, сондай-ақ аталған салалар бойынша білімдерін кезең-кезеңімен тереңдету. Бұл тәсіл болашақ мамандарға өз кәсіби саласын терең меңгеріп қана қоймай, жұмыс үдерістерін оңтайландыру және салалық өзекті мәселелерді шешу үшін ЖИ технологияларын белсенді қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1045281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version