Облыс әкімі төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өрт қаупі жоғары маусымның өту барысы және табиғи өрттердің алдын алу шаралары қаралды.
Биыл өңірде орман және дала өрттерімен қатар 1 960 гектар аумақта 48 құрғақ шөп жануы тіркелген.
Өртпен күреске жалпы саны 3 329 қызметкер, 657 техника, 5 өрт пойызы және 1 912 ерікті жұмылдырылған. Биыл дала өрттерінің алдын алу мен сөндіруге 993 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артық.
2025 жылы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Мәртөк, Әлімбет, Сарат және Алтай батыр ауылдарында төрт жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Қазіргі таңда облыста 80 бекет жұмыс істейді. Олар 208 ауылды, яғни 129 мың тұрғынды қамтиды.
2028 жылдың соңына дейін тағы 26 өрт сөндіру бекеті ашылып, облыстағы барлық ауылдарды 100% өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, департаменттің материалдық-техникалық базасы 14 арнайы өрт сөндіру техникасымен және 8 қызметтік көлікпен толықты. Бұл ерікті құрылымдардың жарақтануын 90%-ға, ал бекеттердің техникалық жабдықталуын 66%-дан 80%-ға дейін арттырды.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1045481?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау