Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы Отбасыны қолдау орталығына барып, мекеменің негізгі қызмет бағыттарымен танысып орталық мамандарымен кездесті.
Орталық директоры Айдана Тайсюганованың айтуынша, мекеме «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсетеді. Сапар барысында аудан әкіміне көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда: заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік, қамқоршылық және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес беру.
Кездесу барысында FSMSocial цифрлық платформасына ерекше назар аударылды. Бұл жүйе мобильді топтардың жұмысын тиімді үйлестіруге, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, отбасылар жағдайындағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ барлық мүдделі тараптар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Заманауи цифрлық шешімдерді қолдану көрсетілетін көмектің сапасы мен жеделдігін айтарлықтай арттырып, отбасылық қиындықтардың алдын алуға және әлеуметтік осал топтарды қамтуды кеңейтуге ықпал етеді.
Кездесу соңында Дарын Сабырғалиұлы орталық қызметкерлеріне аудан деңгейіндегі әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға қосқан жоғары кәсіби еңбегі мен елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Ол әлеуметтік жұмыстың мақсаты тек қиындықтарды еңсеруге көмектесу ғана емес, сонымен бірге азаматтарды өзін-өзі жүзеге асыруға және белсенді өмірлік ұстанымға ынталандыру екенін атап өтті.
Аудан әкімі алдағы уақытта тұрғындардың орталыққа құқықтық немесе психологиялық көмек емес, өз ісін ашу және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелерімен жиі жүгінеді деген үмітін білдірді.
Сонымен қатар, аудан халқының әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы кеңінен хабардар болуы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Орталық жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Ақмол ауылы, Бақыт көшесі 16, (жертөле қабаты) мекенжайы бойынша жұмыс істейді. Барлық мәселелер бойынша отбасы институтын қолдау орталығының +7-700-071-99-15 нөміріне хабарласуға болады. Қосымша ақпарат орталықтың otbasy_qoldau_tselinograd – Instagram парақшасында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1045251?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау