Департаментте 2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша жедел кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жыл 4 тамыз күні Атырау облысы ТЖД ғимаратында құрылымдық және аумақтық бөлімдердің қатысуымен 2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Жиын барысында Департамент бастығы қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтарын табыстады және қызмет барысында ерлікпен көзге түсіп суға батып бара жатқан адамды дер кезінде байқап қырағылық танытқан құтқарушыларды Атырау қаласы әкімі және Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы алғыс хаттармен марапаттады.

Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев 2025 жылдағы ауқымды оқиғалар, атқарылған жұмыстар туралы және аудандарда ашылған жаңа ғимраттар мен жаңа техникалар бойынша сөз сөйледі. Сонымен қатар, жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің басшы құрамы баяндама оқып,  атқарылған жұмыстардағы кемшіліктер мен өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиын қорытындысы кезінде ұсыныстар айтылып, 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс  жоспарымен бөлісті.

Н.Жаңабаев құрылымдық және аумақтық бөлімдердің басшыларына тапсырмалар берді.

 

Атырау облысы ТЖД

имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1045522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version