Нельсон Мандела күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық Нельсон Мандела күніне, сондай-ақ БҰҰ-ның «Нельсон Мандела Ережелерін» қабылдағанына 10 жыл толуына орай Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда  мекемелердің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімдерінің мамандары сотталғандарды қайсарлығы мен әділдігінің арқасында 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасының   президенті болып сайланған Нельсон Манделаның өмірімен таныстырды және сотталғандарға 27 жыл өмірін түрмеде өткізген Нельсон Мандела туралы түсірілген фильм көсетілді.

Сонымен қатар  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Жас суретшілер одағының мүшесі  Тұрғын Абдурахман №11 мекемедегі жазалы жасөспірімдер үшін сурет салудан шеберлік сабағын өткізді. «Нельсон Мандела» күнінде жасөспірім сотталғандар сурет салып қана қоймай, қабырға газетіне өздерінің тілектерін  жазды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1045527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version