Семсерлесу: Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасынан басым түсті.
Жеңіл атлетика: Алматыда өткен Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – XXXIV Ғұсман Қосанов мемориалында отандық спортшылар 6 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.
Күрес: Грекия астанасы Афинада өткен 17 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде иеленді.
Пара таеквондо: Малайзияның Кучинг қаласында ұйымдастырылған құрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль еншіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1045283?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау