Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштер және тапсырмалармен жұмыс істеу бойынша семинар өтті.
Спикерлер қатарында ҚПСАЖ ММ-нің өтініштермен жұмыс жасаудағы мемлекеттік органдардың қызметін бағалау бөлімінің басшысы Нұрлан Шәкетаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Е-Өтініш» жүйесін дамыту және үйлестіру бөлімінің бас менеджері Ақан Зейнолла сөз сөйледі.
Іс-шараға министрліктің қызметкерлері қатысты. Семинар спикерлері Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу ережелері туралы, сондай-ақ жүйеге келіп түсетін, есепке алуға жататын/жатпайтын өтініштердің түрлері туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен бірге «е-өтініш» АЖ мүмкіндіктерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1045551?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау