Талдықорған обаға қарсы күрес станциясында Комитеттің көшпелі кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенованың басшылығымен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көшпелі кеңесі өтті. Жиында Талдықорған обаға қарсы күрес станциясының ұйымдастырушылық-құқықтық және өндірістік қызметі мәселелері талқыланды.

Кеңеске Комитет өкілдері, М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандары, сондай-ақ станция басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында эпидемиологиялық қызмет, биологиялық қауіпсіздік, аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау және ішкі еңбек тәртібі бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша басқару тиімділігін арттыруға, ұжым ішіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіподақ ұйымдарымен сындарлы диалогты дамытуға бағытталған тапсырмалар берілді.

Қабылданған шешімдер Талдықорған обаға қарсы күрес станциясының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1045240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version