Құрметті Целиноград ауданының медиаторлар қауымы!
Сіздерді «5 тамыз – Медиация күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Егеменді еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жаңару мен жаңғыру жолында өз үлестеріңізді қосып, елімізде татулық пен тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарып жатқан жемісі мен сауабы мол еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Сіздердей зиялы қауым, қоғамдағы әр қилы жағдайды бітімгершілікпен біріктіріп жүрген медиаторларды құрметтейміз.
Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өмірдегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!
Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1045608?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау