Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелерге жәрдемдесу және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Күн тәртібі шеңберінде жасөспірімдер қылмысының алдын алу, есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ шартты түрде сотталғандар мен босағандарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1046063?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау