Қонаев гарнизонының 65476 әскери бөлімінде Кеген және Талғар аудандарынан, сонымен бірге Алматы облысының облыс орталығынан келген әскери міндеттілермен жиын өтіп жатыр.
Аталған жорыққа 10 сауытты және арнайы техника, жеке құрамнан 50-ден астам адам қатысты. Жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмалары марштың әр кезеңінде экипаждардың өзара іс-қимылын және запастағы әскери қызметшілердің тактикалық дағдыларын жетілдіруді қамтыды.
– Әскери міндеттілер техниканы жүргізуге дайындау ережесін, оны автотұрақтарда тексеру және қызмет көрсету тәртібін, лек құрамындағы іс-қимыл алгоритмін, қозғалыстың барлық бағытында байланысты ұйымдастыру және шартты түрде залалданған жерді еңсеру тәртібін орындады. Тізбек құрамында автомобиль және сауытты техниканы жүргізу дағдыларына ерекше назар аударылды, – деді 65476 әскери бөлімінің рота командирі аға лейтенант Дастан Қадыржан.
Оқу-жаттығу жиыны теориялық сабақтарды, техниканы іс жүзінде жүргізуді, жауынгерлердің тактикалық және атыс дайындығын қамтитын отыз күндік бағдарлама бойынша өтпек. Жиын соңында қатысушылар сынақтар мен емтихандар тапсырады және нәтижелеріне қарай оларға кезекті әскери атақтар беріледі.
Барлық әскери міндетті әскери киіммен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етілген. Жиын уақытында олардың жұмыс орындары мен жалақысы сақталады.
Жиынның негізгі мақсаты – жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, кадрлық резервті дайындау және елде әскери-оқытылған ресурсты жинақтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045840?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау