«Ақ бата алудың дәстүрі» мәдени шара
Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Ақ бата алудың дәстүрі» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шара барысында мәдениет қызметкері Садыкова Балжан қазақ халқының өміріндегі бата дәстүрінің тарихи, рухани маңызына тоқталып, батаның түрлері мен тәрбиелік мәнін түсіндірді. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүр туралы тың деректермен танысты. Шара соңында мәдениет үйінің қызметкері Бауыржан мырза көпшілікке арнап ақ батасын берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1045825?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау