«Астана Ютария» тігін фабрикасы – арнайы киім өндірісіндегі сенімді серіктес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана Ютария» тігін фабрикасы, №1 Индустриялық паркте орналасқан, арнайы киім өндіруге маманданған отандық кәсіпорын. Фабрика медицина, құрылыс, энергетика және көлік салаларына арналған сапалы әрі ыңғайлы арнайы киімдерді жобалап, өндіреді.

Кәсіпорын толық өндірістік циклмен жабдықталған: жобалау және пішуден бастап, дайын өнімді орау мен жеткізуге дейінгі барлық кезең бір жерде жүзеге асырылады. Заманауи технологиялар мен жабдықтар, сондай-ақ сапаны қатаң қадағалау жүйесі «Астана Ютария» өнімдерінің жоғары стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын ұжымы тек арнайы киім тігумен шектелмейді – фабрика мамандары ел игілігі үшін еңбек ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай жұмыс істейді. Әрбір өнім – түрлі салада қызмет атқаратын мамандардың қорғанысы мен жайлылығының кепілі.

«Астана Ютария» – бұл еңбек адамына деген құрметтің, сапа мен жауапкершіліктің үлгісі.

 

Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DM7wtEjMMFQ/?igsh=MWsxa3I0bmRrN24xdQ==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1046037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version