«Atyrau Jastar Fest-2025» фестивалінің кезекті шарасы – Atyrau Youth Dance

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған фестиваль аясында би өнеріне қызығушылығы бар жастарға «Atyrau Youth Dance» байқауы ұйымдастырылады.

Байқау «Best Dance Show», «Hip-Hop 1×1», «All Styles 2×2» және «Best K-Pop Show» атты 4 бағыттан тұрады. Сайысқа 14–35 жас аралығындағы тек Атырау облысының жастары қатыса алады. Әр топта 4-тен 10 адамға дейін болуы тиіс. Бір қатысушы тек бір ғана стиль бойынша өнер көрсете алады

Өтетін күні: 15 тамыз
Уақыты: 16:00-22:00
Өтетін орны: Атырау қаласы, Ретро саябақ

Тіркеу офлайн түрде 15 тамыз күні, сағат 16:00–17:00 аралығында байқау өтетін орында жүргізіледі.

Жүлде қоры – 700 000 теңге. Барлық бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орындар және «Көрермен көзайымы» номинациясы қарастырылған.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 (701) 660-08-04 нөмеріне байланыса аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1046039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version