Аудандағы атаулар мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қамысты ауылында ономастика саласына қатысты түсіндіру-зерттеу жұмыстары бойынша кеңейтілген кездесу өтті. Іс-шараға белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының Вице-президенті Досмахамбет Көшім арнайы келді. Ұлттық таным, тарих мәселесі сөз қозғалған жиынға билік өкілдері, сала мамандары, қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиынды модератор Гүлжан Жантайқызы Тасмұхамедова ашып, ономастика саласының ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртудың маңызды құралы екенін атап өтті. Әрине, елді мекендер мен көше атауларының жай таңба ғана емес, ұрпаққа рухани мұра екені анық.

Кездесу барысында Қамысты ауданының әкімі Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев қатысушыларға алғысын білдіріп, өңір көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Ономастика саласының маңыздылығы, тарихи атауларды қалпына келтірудегі бағыттар, тұрғындармен жұмыс істеудің тәсілдері жан-жақты саралану қажеттігі негізгі ұстаным болу керек.

Жиынның негізгі баяндамашыларының бірі Дос Көшім ономастика саласындағы жөнінен республикалық деңгейдегі ахуалға шолу жасап, өңірлердегі атау өзгерту жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алды. Оның айтуынша, «сайлау сайын мораторий жарияланып, бұл үрдіс тежеліп келеді, дегенмен қозғалыс бар – біз біртіндеп алға жылжып келеміз».

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Айжан Жусанқызы Садуақасова аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен нақты ұсыныстарды таныстырды. Атап айтқанда, Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне ауыстыру туралы бастама республикалық ономастикалық комиссиядан өтіп, қазіргі таңда облыстық деңгейде қаралып жатыр. Сонымен қатар, өңірге еңбегі сіңген тұлғалар – Жәзит Құдайқұлов пен Баеке Бекмұхамедовтің есімін тарихи тұлғалар тізіміне енгізу туралы ұсыныс қайта жолданғаны айтылды.

Мәселен, атауларға қатысты тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Қамысты ауданының Ономастикалық жұмыс тобы бекітілген. Оған жергілікті депутаттар, ардагерлер, тарихшылар кіреді.

Қамысты ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедов қорытынды сөз сөйлеп, ономастика саласында бірізділік пен халықпен түсіндіру жұмыстарын жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында сұрақ-жауап форматында ашық пікір алмасу өтіп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен нақты бастамалар айтылды. Соның бірі – ғимараттардың мекенжайы жазылғанда да оның стилистикасы қатаң сақталуы керек.

Шара қорытындысы бойынша ономастикалық жұмыс тобының қызметін жетілдіру, көше атауларын жаңғыртуда қоғамдық қолдауды арттыру мәселелері көтерілді. Алдағы уақытта да осындай ашық пікір алмасулар жалғасын таба бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1045421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version