Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

2 тамыз, сенбі күні ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында министрге өңірдегі жол, көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Ақтау портында контейнерлік хаб құру, теміржол саласындағы өткізу қабілетін шектейтін тар учаскелерді жою, «Бейнеу – Сексеуіл» автожолын дамыту және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізі аясында «Жаңаөзен – Кендірлі-Темір баба» бағытын жетілдіру жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, Ақтау қаласында авиациялық хаб құру, Кендірліде жаңа әуежай салу және өңірдегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жоспарлары да сөз болды. Сонымен қатар, Министр республикалық, облыстық маңыздағы және қалаішілік автожолдарды жаңарту бойынша іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың қазіргі жағдайымен танысты. Сапар соңында Нұрлан Сауранбаев Кендірлі аумағындағы жаңадан салынып жатқан әуежайдың құрылыс алаңына барып, нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын қарады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1045861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version