Ағымдағы жылдың 26–27 тамыз күндері Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық Copernicus Olympiad New York білім олимпиадасында Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейінің оқушысы Иманғазиев Даниял математика пәні бойынша алтын медаль иеленді.
Әлемнің 54 елінен келген зияткер оқушылар қатысқан бұл беделді білім сайысында Даниял өзінің жоғары білім деңгейін көрсетіп, еліміздің мерейін үстем етті.
Иманғазиев Даниялды және оны олимпиадаға дайындаған ұстаздарын осы зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау