Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.
Зерделеу жұмыстары барысында облыстың 19 жалпы білім беретін мектебі қамтылды. Зерделеу аясында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, санитариялық-гигиеналық жағдайы, педагог кадрлармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі қарастырылды.
Зерделеу қорытындылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне, облыс әкімдігі мен білім басқармасына жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1046092?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау