Халық денсаулығын сақтау және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Салауатты жұмыс орындары» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – кәсіби аурулардың алдын алу, жұмыс орнындағы денсаулыққа зиянды факторларды азайту және қызметкерлердің денсаулығына бағытталған ұйым мәдениетін қалыптастыру.
Жобаның негізгі бағыттары:
– кәсіби қауіп-қатерлерді анықтап, оларды азайту;
– психикалық және физикалық денсаулықты қорғау шараларын енгізу;
– қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау саясатын дамыту;
– қауіпсіз, жайлы және қолдау көрсететін еңбек ортасын қалыптастыру.
Қызметкерлердің денсаулығы – еңбек өнімділігі мен ұйымның тұрақты дамуының, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының негізі.
Жобаға барлық ұйымдар қатыса алады, соның ішінде:
– мемлекеттік және жекеменшік мекемелер;
– білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары;
– өндіріс және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар;
– мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар.
ДДСҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасына қатысуға барлық мүдделі мекемелер мен жұмыс берушілерді шақырамыз. Елде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру – бәріміздің ортақ мақсатымыз.
Қосымша ақпаратты Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан» алуға болады.
Салауатты еңбек ортасы – дені сау қоғамның негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1046013?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау