Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуыны¬ң барлық¬ саласында түбегейлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге белгілі. Соның ішінде сервистік мемлекет-тің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет¬ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылуда.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі болып табылады. 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған күннен бастап осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін негiзгi принциптер бекітілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қызмет алушылардың арыз шағымдары, сонымен қатар профилактикалық тексерулердің тізімі негізінде және есептік талдаудың, өзге бақылау нысандарының нәтижелері негізінде жүргізіледі.
Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 6 айының қысқаша есебі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрімен қоса алғанда 96 қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,1 %);
– электронды түрде – 42 қызмет (43,8 %);
– мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1 %).
2025 жылдың 6 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 3721 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 3005 қызмет (80,75%)
– қағаз түрінде – 716 қызмет (19,25%)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1045937?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау