Жітіқара қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы келесі жұмыстар атқарылуда:
✅ 4, 6, 7 және 11-шағын аудандарда орамішілік өтпе жолдарды ағымдағы жөндеу жобалары іске асырылды.
✅ Таран, Чернаткин, Комсомол және Кирзавод көшелері бойында автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
✅ Ш. Уәлиханов, Таран, Ленин көшелері бойынша жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде.
✅ 3, 4, 5в, 11-шағын аудандар мен Пионерская көшесі бойында жаңа балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды.
✅ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш, ҰОС мемориалдық кешені, Кеңес Одағының батыры Е. Есжановтың мүсіні және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер қалпына келтірілді.
✅ Қалада көгалдандыру, жарықтандыру, аялдамаларды жөндеу және бейнебақылау жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 71 камераға қызмет көрсетілуде, 39 жаңа бейнекамера орнатылды.
✅ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Көбелегі бар алма» атты декоративті топиарий орнатылды.
✅ Сонымен қатар, рұқсат етілмеген полигондарды жою, ағаштарды кесу, ірі көлемді қалдықтарды шығару және санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл шаралардың барлығы – Жітіқара тұрғындарының өмір сапасын арттыру мен жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
✍️ «Авангард» газеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1045848?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау