Сандықтау ауданы әкімінің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай әкімдік отырысын өткізді.
Отырыс басталар алдында аудан әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. Сандықтау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық Бақылау басқармасының басшысы қызметіне Оралбай Қабдолаев тағайындалды. Сонымен қатар аудан прокуроры Алмас Жақсыбеков аудан активіне Сандықтау ауданы прокурорының орынбасары Жалғас Жиенбековті таныстырды.
Отырыс барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджетінің орындалу қорытындылары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкім әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту шараларын күшейтуді, ауылдық округтердің тұрғындарымен бейберекет қоқыс тастауға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ шөп дайындау жұмыстарын уақытында қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1046083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version