Меморандумның мақсаты —мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, қолданыстағы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ақпарат мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсету бағытында кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Құжат аясында ұлттық сананың басты кілті ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның дамуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпараттағы (жарнама, прейскурант, ас мәзірі, фискалды чектер және т.б.) мәтін сауаттылығын сақтау бағытында кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу көзделген.
Меморандумға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Самат Берікболұлы Касенов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Нұржанұлы Мамырбаев, облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Андрей Юрьевич Троеглазов, «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Хуанбай Аскерхан қол қойып, алдағы уақытта өзара жүйелі ынтымақтастықта жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1045900?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау