2–3 тамыз күндері Шымкент қаласындағы «Shym City» саябағы, «Спутник» сквері және «Орталық» саябақтарында кезекті «Шым қала кештері» атты өнер кештері өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Кештің басты ерекшелігі – қала тұрғындары мен қонақтары күнделікті серуен кезінде кәсіби өнер ұжымдарының өнерін тамашалап, қаланың мәдени өмірімен жақыннан танысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, «Шым қала кештері» жобасы жаз бойы жалғасады. Әр апта сайын өтетін бұл мәдени кештер шымқалалықтар үшін жанға жайлы демалыс, ал шығармашылық ұжымдар үшін өз өнерін паш ететін тамаша алаңға айналуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1046030?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау