ШЫМКЕНТТЕ «SAMGAU» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Қала күніне орай ұйымдастырылған «Samgau» республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар марапатталды. Ауқымды мәдени шара 23 маусым күні «Hyper House» сауда орталығындағы Kinopark кинотеатрында өтті.

Фестиваль жас режиссерлердің шығармашылығын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен келген 18-35 жас аралығындағы  жас режиссерлер мен анимация авторлары қатысып, өз туындыларын  ұсынды. Байқауға  30-ға жуық қысқаметражды фильм ұсынылып, олардың ішінен 20 үздік туынды ақтық сынға жолдама алды.

 

Қазылар алқасы құрамында отандық кино саласының танымал өкілдері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Мустафа Шоқай», «Келін» фильмдерінің продюсері  Қанат Төребай, Канн фестивалінің «Үздік актриса» жүлдегері Самал Еслямова, «Айка» фильмінің режиссері, Канн фестивалінің лауреаты  Сергей Дворцевой, «Қошқар мен Теке» анимациялық фильмімен танымал режиссер  Батырхан Дәуренбеков, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы  Адай Әбілдинов болды.

Олар қатысушылардың жұмыстарын мазмұнына, көркемдік шешіміне, режиссерлік және операторлық шеберлігіне қарай бағалап, келесі жеңімпаздарды анықтады:

 

Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша марапатталды:

 

* Үздік қысқаметражды фильм — «Пат» (режиссері: Асылжан Әділханұлы, Қарағанды). Жүлде қоры: 1 млн теңге

* Үздік анимациялық фильм — «Қызғалдақ қала» (авторы: Серік Елеуов, Шымкент). Жүлде қоры: 1 млн теңге

* Үздік режиссер — «Каникулы у дедушки» (Әмір Даниярұлы, Алматы). Жүлде қоры: 500 мың теңге

* Үздік оператор — «Ескі аудан» (Дархан Бауыржанұлы, Шымкент). Жүлде қоры: 300 мың теңге

* Креативті шешім — «Тұран» анимациялық фильмі (режиссері: Жанаәділ Байдарбек, Алматы). Жүлде қоры: 300 мың теңге

* Қазылар алқасының арнайы жүлдесі — «Түлкі мен қырғауыл» (авторы: Аружан Ержанқызы, Шымкент). Жүлде қоры: 200 мың теңге

Фестивальге қатысқан барлық үміткерлерге ақшалай сыйақысы табысталды. Бұл – жас кинематографистерге көрсетілген қолдаудың және олардың шығармашылығына берілген бағаның бір көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1046020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version