Үшарал қаласында экологиялық мәдениетті дамытуға арналған кездесу өтті
2025 жылғы 30 шілде күні Үшарал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Табиғаттың ластануы мәселесіне халықтың назарын аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – 2024-2029 жылдарға арналған Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жергілікті тұрғындар арасында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсарту жолдарын бірлесе талқылау.
Кездесу барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен жою, ауылдық жерлердегі экологиялық тәртіптің сақталмауы, стихиялық қоқыс орындарының көбеюі және су айдындарының ластануы сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар қатысушылар қалалық және ауылдық округтерде санитарлық тазалықты сақтау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру және балалар мен жастарға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы жайында пікір алмасты.
Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округтердің жауапты мамандары және ауданның белсенді жастары қатысты. Олар өз ой-пікірлерін білдіріп, бірлескен экологиялық бастамаларға қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.
Шара соңында «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігі тарапынан қатысушыларға арнап ақпараттық материалдар таратылып, тазалық сақтау жөніндегі жадынамалар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1045611?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау