Жеке тұлғалардың банкроттығы институтының іске асырылу қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Оның ішінде:
— 262 мың соттан тыс банкроттыққа өтініш
— Оның 73%-ы (193 мың) талаптарға сай болмағаны үшін кері қайтарылды
⠀▪️ жеке мүліктің болуы
⠀▪️ қарыз сомасының және төлемсіздік мерзімінің жеткіліксіздігі
⠀▪️ несие берушімен қарызды реттеу жүргізілмеген

⚙️ Рәсімге қолжетімділікті жеңілдету үшін:
📅 Өзгерістер енгізілді:
— 2024 жылғы 19 маусымда
— 2025 жылғы 30 маусымда

Негізгі өзгерістер:
✅ Құжаттар тізімі қысқартылды
✅ Несие беруші туралы мәліметтерді көрсету талап етілмейді — ақпарат кредиттік бюролардан алынады
✅ Соттан тыс рәсімге қатысатын несие берушілер тізімі кеңейтілді
✅ 2025 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша қарызды реттеу талап етілмейді
✅ Рәсім аяқталғаннан кейін борышкердің барлық міндеттемелері тоқтатылады — тіпті олар кредиттік бюро базасында болмаса да

📌 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша:
🔹 6 795 азамат талаптарға сай болмаған себептерді жойып, 3 айдан кейін қайта өтініш беріп, банкрот деп танылды
🔹 34 600 азамат ресми түрде банкрот деп танылды
⠀▪️ оның ішінде 2 031 – атаулы әлеуметтік көмек алушылар
⠀▪️ 10 451 – 5 жылдан астам уақыт бойы борыштарын өтемегендер

⚖️ Сот арқылы рәсім бойынша:
🔸 Азаматтардан түскен 10 000 өтініштің ішінде:
— 225 азамат банкрот деп танылды
— 181 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде

📈 Нәтиже:
34 мыңнан астам азамат қарыз жүктемесінен құтылып, қаржылық өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік алды.

👨‍💼 Олардың 1 248-і жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелді
🔸 Жалпы кіріс — 202,8 млн ₸
🔸 Есептелген салық сомасы — 16 млн ₸

🔍 Бұл көрсеткіштер тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарға қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1045400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version