«ABAI RUKHY FASHION WEEK» сән көрсетілімі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар аясында халықаралық «ABAI RUKHY FASHION WEEK» сән көрсетілімі басталды. Сән көрсетіліміне қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сағат 11:00-де қазақ көрмесімен басталған көрсетілім, кешке этно-сән кешімен жалғасты. Жобаның мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын және қазіргі заманғы дизайнерлік шешімдер арқылы көркем бейнелеу.

Шара үш бағытта өтеді:

1-күн – «Абай – шабыт көзі»: XIX ғасыр стиліндегі ұлттық киімдер, хәкім Абайдың шығармашылығымен үйлескен сән көрсетілімі өтеді. Кеш поэзия мен күй өнерімен толықтырылады.

2-күн – «Қазақи стиль – заманауи үлгіде»: Қазіргі заман талабына сай этно-стиль мен урбанистикалық элементтерді тоғыстырған киім үлгілері ұсынылады. Киімдер ұлттық өрнек пен символика арқылы ерекшеленеді.

3-күн – «Мұра – болашаққа жол»: Жас дизайнерлер мен қолөнер шеберлері экологиялық әрі инновациялық материалдарды пайдалана отырып әзірлеген заманауи топтамаларын көпшілік назарына ұсынады.

Үш күнге созылатын көрсетілім – ұлы Абай мұрасының рухани ықпалын қазіргі өнер кеңістігінде жаңаша танытатын ерекше мәдени бастама болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1046476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version