Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жоспар аясында Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара
Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жоспар аясында Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтті.

📝 Кеш қонақтары мен қатысушылары Абайдың рухани мұрасына терең үңілді — оның өлмес өлең жолдары, өмірдің мәні, отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтар жайлы ой-толғаулары оқылды.
🎤 Іс-шара барысында Абай өлеңдерін оқу, ақын сөздеріне жазылған әндерді орындау, сондай-ақ оның философиясының қазіргі замандағы маңызы жайлы тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды.
🎨 Абай шығармашылығы қазақ мәдениетінің және ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі ретінде ерекше назарда болды.

✨ Бұл іс-шара өткен мен бүгіннің арасын жалғаған шынайы рухани көпірге айналып, әрқайсымызға оның даналығы мен сөз өнерінің тереңіне бойлауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1046502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version