Әрбір секунд – өмір құны:Маңғыстау облысында ТЖ кезіндегі ақпарат беру тәртібі пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық, аумақтық бөлімше басшыларымен төтенше жағдай кезінде ақпарат беру тәртібі тағы да пысықталды.

Кездесуде әрбір секундтың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, жедел әрі нақты ақпарат берудің адам өмірін сақтап қалудағы шешуші рөлі түсіндірілді.

Оқиға орнына алғаш барған күштер мен құралдардың негізгі міндеті – ахуалды дұрыс бағалап, нақты мәліметтерді дереу Кезекші бөлімге жеткізу. Атап айтқанда:

  • оқиға орнының нақты мекенжайы,
  • оқиға сипаты (не болды),
  • тартылған күштер мен қауіп деңгейі,
  • қандай көмек қажет екендігі көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, жағдайдың өзгеруіне байланысты 15–20 минут сайын жаңартылған ақпарат жолданып отыруы қажет.

Бұл талаптарды сақтау – басқару сапасын арттыруға, шешімдерді дер кезінде қабылдауға және күштерді дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.

Уақыт – шешуші фактор. Әрбір секунд – адам өмірінің бағасы.

 

 

Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1046535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version