Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының көшпелі алқа отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыстың күн тәртібінде денсаулық сақтау жүйесінің I жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.

Алқада онкологиялық қызметті дамыту, келісімшарттық міндеттемелерді іске асыру, облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және медициналық әрі фармацевтикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бақылаудың нәтижелері талқыланды.

Ерекше назар ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелеріне аударылды. Алқа мүшелері заманауи тәсілдермен медициналық көмек ұйымдастырылып жатқан Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының қызметімен танысты.

Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде мекеме жаңа инфрақұрылыммен, цифрлық шешімдермен жабдықталып, негізгі бөлімшелер жаңартылды. Сонымен қатар, мультидисциплинарлық тәсілдерге, орнықтылық пен қолжетімділікке негізделген, пациентке бағытталған қызмет көрсету моделі енгізілді.

Еңбекшіқазақ КОАА ауылдық аумақтағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту — жүйелі тәсіл, сапаға инвестиция және инновацияларды белсенді енгізу арқылы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

 

📍 Алқа отырысы стратегиялық диалог, тәжірибе алмасу және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдау үшін маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1046443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version