Астана қаласының амфитеатрында 12 тамыз күні, сағат 18:00-де Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында ауқымды «JASTAR FEST» жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Фестивальді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады.
Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибе алмасу алаңын құру, суицидтің алдын алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, заң мен тәртіпке құрмет көрсету, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы кәсіптерді насихаттау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Фестиваль аясында түрлі салада табысқа жеткен танымал спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибесімен, мотивациялық оқиғаларымен және өзін-өзі дамытуға қатысты пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Қатысушылар лидерлік, медиа, технология, өнер және әлеуметтік жобалар тақырыптарында маңызды әрі шабыт беретін ақпарат ала алады.
Кештің қонақтары – жастар арасында танымал отандық эстрада жұлдыздары: Ersultan Omar, Madeniyett, Серик Гамза-заде, Bonapart, Baxa, Rick, ал кештің басты хедлайнері KAZYBEK KURAIYSH болады.
Фестивальдің жүргізушілері – республикаға танымал Бексұлтан Әкімжан және Ирина Тен.
«JASTAR FEST» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1046740?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау