Чехияның Пардубице қаласында тоғызқұмалақтан Әлем Кубогі мәресіне жетті. Халықаралық жарыс рапид және блиц форматтарында өтті. Оған 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Рапид бағдарламасы
Әйелдер арасында Гүлнара Базаралиева қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасында Биғали Зкрияев күміс жүлдеге ие болды.
Блиц бағдарламасы
Ерлер арасындағы жарыста Нұржан Бибатыр алтын медаль еншіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1046708?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау