Кәмелетке толмағандарды құқықтық дамыту шараларын іске асыру мақсатында Бейімбет Майлин ауданының прокуратура қызметкерлері өңірдің жалпы білім беру мекемелерінің мектеп жанындағы жазғы лагерьлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осылайша, «Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» және «Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі” оқушыларына өткізілген кездесулер шеңберінде түрлі құқыққа қайшы әрекеттерді жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді, сондай-ақ қорқыту, бұзақылық, алкогольдік ішімдіктер, есірткілер, ұрлық, тыйым салынған заттарды алып жүру, сақтау және пайдалану, вандализм және жыныстық қол сұғылмаушылық мәселелері қамтылды.
Сабақтарды өткізу үшін дәріскерлер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы дайындаған үлгілік дәріс материалдарын (тезистер, слайдтар) пайдаланды.
Бұл кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыру және Заң мен Тәртіп идеологиясын қалыптастыру, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және оқушылар арасында құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мақсатында өткізілді.
Демалыс кезеңін ескере отырып, іс-шаралар жалпы білім беретін мектептердің мектеп жанындағы лагерьлерінің (іс-шараларды өткізудің қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз етуге ықпал ететін лагерьлер мен өзге де алаңдар) базасында дәріс сабақтары форматында өткізіледі.
Бұл жұмыс тұрақты негізде, оның ішінде алдағы оқу жылында аудан оқушыларын барынша қамтумен жүргізілетін болады.
Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1046795?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау