Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қандастармен және олардың отбасы мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоныстану орындарында бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсыну, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және қандастардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесу қатысушылары оларды алаңдатын жұмысқа орналасу, тұрғын үй, білім беру және медициналық қызмет көрсету сияқты мәселелерді көтерді.
Комитет төрағасы барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатынын атап өтіп, уәкілетті органдарға аталған мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сапар қорытындысы бойынша Министрлік қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру тетіктерін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру және қолдау бағдарламаларын кеңейту жолымен жұмысты жалғастыратыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1046757?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау